Президент Жолдауын қолдау » №6 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№6 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34 79 00
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34 79 00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президент Жолдауын қолдау
08
сентябрь
2023

Президент Жолдауын қолдау

1-қыркүйек "Білім күні" мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға мәлім. № 6 бөбекжай-бақша педаготеі де жыл сайынғы үрдіске айналған Президент жолдауын аса бір толқыныспен ,жауапкершілікпен талқылады. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің жолдауы 2023-2024 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір қазақ азаматының ерекше назарын аударды. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында бүгінгі қоғамның бірқатар өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартудың тың жолдары айқындалып, заманауи жобаларды жүзеге асыру ісі жоспарланған. Олардың қатарында, еліміздің білім беру саласын күтіп тұрған оң өзгерістерге назар аудару маңызды саналады. Жолдауда еліміздің білім беру саласының барлық салаларына қатысты мәселелер қамтылған. Мектепке дейінгі дайындық, орта білім, кәсіби білім беретін оқу орындары және жоғары білім беру саласының қордаланған өзекті мәселелері алдағы уақытта өз шешімін табады деп сенеміз. Атап айтқанда жас жеткіншектерді балабақшада тәрбиелеу ісі, балаларды толыққанды қамту мәселесін шешу көзделген. Әрине, қазіргі таңда балабақша жасындағы балаларды қамту ісіне күрделі өзгерістер керек. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» дейді дана халқымыз. Қазақ халқы ежелден білім берген ұстазына деген құрметін аямаған. Жолдауда ұстаздардың абыройы мен беделін арттыру бағытында біршама өзгерістер болатындығы айтылды. Бұл бағытта ұлттық құндылықтарды жаңғырту, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесін зерделеу, ұтымды жолдарын басшылыққа алу ісі оң болмақ. Ұстаздардың материалдық жағдайымен қатар, ғылыми ізденісіне, педагогикалық шеберлігін шыңдауына назар аудару қажет. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив