"Жаз мезгіліндегі балалар қауіпсіздігі" консультациялық пункт кеңесі
Жаз – балалар үшін көңілді де белсенді демалыс кезеңі. Алайда бұл мезгілде қауіпсіздік шараларын сақтамау түрлі жарақаттар мен денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Негізгі қауіпсіздік шаралары: 1. Күн сәулесінен қорғану Баланың басында әрдайым жеңіл бас киім болуы керек (панама, кепка). Күннің ең ыстық уақытында (сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін) күннің астында көп жүрмеу. Теріні күйіп қалудан сақтау үшін күннен