12
ноябрь
2024
Консультациялық кеңес Логопед: Ешенбек Ж.Н.
Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған бөбекжай-бақшамыздың консультативтік пунктнің жоспарына сәйкес логопед мамандар кеңесі ұсынылады:
🔹Жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайып, ұртын толтыруды, ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударуды т.б үйрету;
🔹Баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;
🔹Балаға күн сайын қысқа әңгімелер және ертегілер оқу;
онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
🔹Күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау. Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттердің жұмысын жақсарту. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
🔹Ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
🔹Кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.
ЛОГОПЕД: ЕШЕНБЕК ЖҰЛДЫЗАЙ НҰРБОЛҚЫЗЫ
https://www.instagram.com/reel/DCkFAAjMkBu/?igsh=MTB3bzN5cGU1cjRueQ==